КЕНТАУДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР АРҚЫЛЫ 1200-ДЕН АСТАМ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛАДЫ

 

«Әділет» партиясының Түркістан облыстық сайлауалды штабының өкілдері Кентау трансформатор зауытының еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, өңірдегі өнеркәсіп өндірісін дамыту, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері сөз болды.

Жиында өндіріс орындарының әлеуетін арттыру мен кәсіпкерлікті қолдау арқылы аймақ экономикасын нығайтуға бағытталған міндеттерге назар аударылды.

B697a1ab D444 47b3 Af20 Aa3c4d2cdade

«Сайлауалды бағдарламада өнеркәсіп саласын өркендету, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, жаңа кәсіпорындар ашу және халықты тұрақты жұмыспен қамту мәселелері басымдыққа ие. Алдағы бес жылда Түркістан облысында 105 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Соның ішінде Кентау қаласында 6 жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 1 200-ден астам жаңа жұмыс орнын құру көзделген. Бұл бастамалар қаланың өндірістік мүмкіндіктерін кеңейтіп, тұрғындардың еңбекпен қамтылуына жол ашады», – деді «Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық сайлауалды штабтың басшысы Алмас Салимов.

5abab0e6 B2d8 48fb Bdba E5bc26180fbe

Сонымен қатар, кездесуде халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар да кеңінен қозғалды. Бағдарлама аясында жыл сайын субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру, қоғамдық жұмыстарды дамыту, жастар практикасын кеңейту және «Күміс жас» жобасы арқылы егде жастағы азаматтарды еңбекке тарту жоспарланған. Аталған тетіктер жұмыс іздеушілерге қолдау көрсетіп, жастардың алғашқы кәсіби тәжірибе жинауына және азаматтардың тұрақты табыс көзіне қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Кездесу соңында штаб өкілдері өнеркәсіптің дамуы, отандық өндіріс көлемінің артуы және еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері өзара сабақтас екенін атап өтті. Өз кезегінде зауыт қызметкерлері ұсыныс-пікірлерін білдіріп, партия өкілдерімен пікір алмасты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *