Түркістанда «1000 әйел – 1000 мүмкіндік» форумы өтті

 

14 қарашада Түркістандағы «Конгресс Холлда» еліміздің әр өңірінен келген кәсіпкер әйелдердің қатысуымен «1000 әйел – 1000 мүмкіндік» ұлттық форумы өтті.

Img 9106 Img 9103 Img 9104

«Атамекен» ҰКП жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту комитеті ұйымдастырған жиынның мақсаты – тәжірибе алмасу және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту.
Жиында кәсіпкер әйелдер марапатталып, әрі қарай жиын барысында түрлі сала иелері өз кәсібіндегі тәжірибелерімен бөлісті.

Img 9101

Олардың қатарында өнімдерін шетелге экспорттайтын өндіріс иелері, жиһаз және азық-түлік өндірушілері, халықаралық нарықта мейрамхана бизнесін дамытып жүрген кәсіпкерлер бар. Сондай-ақ Таразда 12 гектар аумақта этноауыл құрып, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеп жүрген кәсіпкердің бастамасы таныстырылды.

Img 9109

 

Ал, бір күн бұрын Форум қарсаңында қонақтар Түркістанның көрікті жерлері мен киелі орындарын аралап, ұлттық киім үлгісіндегі арнайы кешке қатысты. Кешті Түркістан облысы Кәсіпкер әйелдер қауымдастығының төрайымы Инара Әбдіғаппарқызы қауымдастық мүшелерімен бірге ұйымдастырды.

Форум барысында бизнесті кеңейту, жаңа нарықтарға шығу, цифрлық технологияларды пайдалану және мемлекеттік қолдау мүмкіндіктері талқыланды.

«1000 әйел – 1000 мүмкіндік» форумы кәсіпкер әйелдердің тәжірибе алмасуына, жаңа байланыстар орнатуына және тың бастамаларды жүзеге асыруына мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *