Сайлауалды науқан аясында Бесқұбыр елді мекенінің тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге «Әділет» партиясы Келес аудандық филиалының төрағасы Мадияр Әшірбаев, партия атынан кандидат Бұхарбай Нұрғазы және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер қатысты.
Ж
иын барысында «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты басым міндеттер талқыланды.
иын барысында «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты басым міндеттер талқыланды.Атап айтқанда, елді мекендегі жол инфрақұрылымын жақсарту, ауызсу және газбен қамту, көшелерді абаттандыру, әлеуметтік нысандардың жағдайын жетілдіру, ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыру мәселелері көтерілді.
Тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Кездесу барысында жергілікті халықтың талап-тілектерін ескеру және көтерілген мәселелерді тиісті деңгейде қарастыру қажеттігі атап өтілді.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, тұрғындар мен кездесу қатысушылары арасында өзара байланыс орнады.
Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді
