КЕЛЕС АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНА ҰЖЫМЫМЕН САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалының сайлауалды штабының мүшелері Келес аудандық орталық Абай атындағы аурухананың ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесуге «Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Полат Тұрсынбаев, партияның Келес аудандық филиалының төрағасы Мадияр Әшірбаев және Түркістан облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Бахыт Басымбек қатысты.
Жиын барысында «Әділетті болашақ үшін» атты партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, алдағы бес жылда еліміз бен өңірлерді дамытудың негізгі басымдықтары кеңінен баяндалды.
Штаб өкілдері бағдарламаның негізіне алынған Әділет, Заң мен тәртіп, Жауапкершілік, Патриотизм, Прогресс және Келісім қағидаттарын түсіндірді. Сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру, халық пен билік арасындағы байланысты нығайту және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеру бағытындағы міндеттерге тоқталды.
24 3
Кездесу барысында денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелеріне айрықша назар аударылды. Атап айтқанда, медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, заманауи технологияларды енгізу, медицина қызметкерлерін қолдау және ауылдық елді мекендердегі медициналық көмектің сапасын жақсарту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар партия бағдарламасында білім беру, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау, цифрландыру, әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй және жол инфрақұрылымын дамыту бағыттары қамтылғаны айтылды.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айқындалған міндеттерге де назар аударылып, адами капиталды дамыту, халықтың денсаулығын сақтау, медициналық көмектің тиімділігін арттыру және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелерінің өзектілігі атап өтілді.
24 2
Жүздесу барысында аурухана ұжымымен ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, медицина саласындағы өзекті мәселелер мен ауданның әлеуметтік даму бағыттары талқыланды. Қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Штаб мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасының басты мақсаты – әділетті қоғам қалыптастыру, өңірлердің тұрақты дамуына жағдай жасау және халықтың әл-ауқатын арттыру екенін жеткізді.
Кездесу соңында штаб өкілдері тұрғындарды алдағы мәслихат сайлауына белсенді қатысып, азаматтық таңдауларын жасауға шақырды. Сондай-ақ «Әділет» партиясы атынан ұсынылған кандидаттарды қолдауға үндеді.
Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *