Түркістан облысы Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұйымдастырған «10 тамыз – Абай күніне» орай ұлы ақын Абай Құнанбаевтың «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты аудандық әдеби оқу байқауы жарияланған болатын. Қатысушы үміткерлердің жұмыстары онлайн форматта қабылданды. «Абай мұрасы – халық ұлағаты» аудандық әдеби оқу байқауына аудандық орталық кітапхананың және Қасымбек датқа, Ханқорған, Қарабұлақ, Қожақорған, Қарасу, Аққала, Манкент ауыл кітапханаларының оқырмандары қатысты. Жалпы байқауға он оқырман қатысты. Қазылар алқасының төрайымы болып Н.Сулайманов мектебінің оқу ісі бойынша орынбасары – Қантаева Назым Әсетбекқызы , Тілдерді оқыту және дамыту орталығының оқытушысы Сағынтаева Шынар, Аудандық қазақ халық театрының актрисасы Қанатқызы Нұргүл мүшелік етті. Қазылар алқасының шешімімен «Абай мұрасын насихаттаушы» номинациясымен Анварбекова Феруза, «Абай даналығын дәріптеуші» Зиябекова Рухшона, ІІІ орын – Сейтжан Әсел, ІІ орын – Бағдатов Алмас, І орын- Оразбаева Лаура ие болды.