
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасын іске асыру мақсатында «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сай, аудандық этномәдени бірлестік мүшелерінің қатысуымен «Ауыл-ел тірегі» атты он күндік жобасы аясында Арыс ауылдық округінде ұлттық қолөнері шебері сабағы өткізілді.
Қазақ елі тәуелсіздігін алғалы, халқымыздың қолөнері жақсы жетістіктерге жетуде, ұмыт бола бастаған қолөнерді қайта жаңғыртылуда. Қолөнер-халқымыздың қасиеттімен ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан мұрасы.
Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік-моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезіміне, алға қойған мақсатының айқындалуына әсер етеді.
09 тамыз 2021 жылы аталмыш қазақтың ұлттық қолөнерін дәріптеу Қожақорған ауылының тұрғыны К.Керімбаевтың шеберханасында ұлттық қолөнер шеберлігі оның ішінде ат әбзелі-ертұрманның өз қолымен жасалған түрлері көрсетілді.