Газ мәселесі бойынша отырыс болып өтті

Түркістан қалалық мәслихатында депутат Ақиқат Махмудұлының басшылығымен қаладағы газ мәселесі бойынша отырыс болып өтті. Жиынға мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы мен қаламыздың 6 сектор басшылары және арнайы ҚазТрансГаз мекемесінің маманы қатысты.
Өздеріңізге белгілі болғандай 28 шілдеден бастап қала бойынша қысқы жылту маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында көгілдір отын уақытша 2 – 3 аптаға сөндірілген болатын. Осы және өзге де мәселелер бүгінгі жиналысқа арқау болды. Атап айтқанда газға қосылған үйлерде газ шырпысының орнатылмауы және газ кірмеген абоненттерге жүргізіліп жатқан түсіндірме жұмыстарының жүргізілу деңгейі сияқты мәселелер қаралды.
Нәтижесінде қазіргі таңда қала бойынша 41 газ тарату қондырғысының 17 – сі іске қосылғандығы, олар Яссы, Шавгар және Ортақ мөлтекаудандарының жартысын қамтып отырғандығы белгілі болды. Алдағы уақытта келесі аптаның соңына қарай қала толығымен көгілдір отынға қосылып, тұрақты түрде газ тарату жұмыстары дұрыс жолға қойылатындығы мәлімделді.
Сонымен қатар қаламыздағы газ кіргізілмен абоненттерге түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, олардың төлем ақысын бөліп төлеу жұмыстары қарастырылып жатқандығы да айтылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *