
Бүгін жоспарға сәйкес Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары Ардақ Үсенұлы мен Рая Серікбайқызы қазіргі таңда белең алып отырған пандемиялық ақуалға байланысты тұрғындардың денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында аруханалардың жұмыстарымен танысып, зерделеуді жалғастырды.
Қаламыздағы 25 мың және 30 мыңға жуық халықты медициналық көмекпен қамтып отырған ХҚТУ емханасы мен Ақмарал емханасының , ақ халатты абзал жанды дәрігерлерімен жүздесу өткізді. Арнайы сұрақтарын қойып, халық тарапынан әлеуметтік желі арқылы келіп жатқан өтініш, шағымдарын жеткізді. Халықтың тікелей мұң-мұқтажын дәрігерлерге жеткізуге ат салысқан депутаттар ең бірінші тізгінді ХҚТУ емханасының жұмысынан бастады.
Қазіргі таңда Осман Ажар басшылық жасап жатқан емхана пандемиялық ахуалға қауқарлы күрес жүргізіп жатқандығын айта келіп, «Денсаулық сақтау министірлігі» тарапынан келіп түскен бұйрық бойынша инфекциялық стационарда қазіргі таңда 103 адам, тіркеліп ем қабылдап жатқандығын және бұл жер 110 адамдық төсек орынмен қамтамасыз етілгендігін айтып өтті. Көрсеткішке назар салсақ бұл жалпы орын үшін салыстырмалы түрде науқастардың саны күн артқан сайын күрт көбейгендігінің дәлелі болып отыр. Емхананың бас дәрігерінің сөзінше алдағы екі ай көлемінде КТ аппаратының толықтай жұмыс жасайтындығына уәде беріп, қосалқы керекті аппараттардың да жеткізлетін сүйінші хабарымен бөлісті.
Екінші кезекте Ақмарал емханасының дәрігерлерімен жүздесіп, портал мәселесінің жасалу жолдары жайлы мамандарына сұрақ қойып, тікелей эфирге шығу арқылы тұрғындарды хабардар етті. Арнайы порталға тіркеу маманы Абдужаппаров Дастан тікелей эфирде түсіндіру жұмыстарын жүргізсе, бас дәрігердің орынбасары Динара Асқарқызы аурухананың медициналық құралдармен жабдықталуы жөнінен мәліметтер берді. Жүздесу барысында дәрігерлер қаламыздағы пандемиялық ақуалға орай, халыққа барынша сақтық шараларын сақтап, үйден тасықары шықпауға кеңес берді.