Шымкентте эпидахуал тұрақты

Шымкентте эпидахуал аса алаңдатарлық деңгейде. Өткен тәулікте қалалық Жедел жәрдем станциясына 2600 қоңырау түскен. Дәл қазір Жұқпалы аурулар ауруханасында 345 науқас пневмония және коронавирустың Дельта штамымен ауырып жатыр. Осындай ауру өршіп тұрған қиын кезеңде де қала тұрғындарының той, жиынға баруы тыйылмай тұр.

Осы және өзге де мәселелер туралы Шымкент қаласындағы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте айтылды. Баспасөз жиынында Шымкент қалалық Жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Бақтығали Ережепов, қалалық Жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Гүлнәр Құрманбекова, қалалық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Тимирхан Варзилов пен «Атамекен» медицина орталығының бас дәрігері Индира Артықбаева қазіргі таңда күрделі болып тұрған эпидахуал, ковид орталықтағы жағдай, жедел жәрдем қызметі мен ковидке шалдыққан жүкті әйелдерге медициналық көмек туралы баяндады.
–490 орынға лайықталған қалалық Жұқпалы аурулар ауруханасында 345 науқас емделіп жатыр. Оның 129-ы жансақтау бөлімінде, 88-і ИВЛ аппаратымен өмір үшін күресіп жатыр. Бізге түскендердің барлығы дерлік ауру жұқтырған соң 10-15-ші күні келгендер. Ал Дельта инфекциясын емдеудің жаңа протоколына сәйкес, антибактериалды препараттарды 12 күннен кейін қабылдауға болмайды. Яғни, вакцина алмай, үйде өз бетінше емделем деп, өкпесін 60-90 пайызға дейін зақымдап, сырқатын асқындырып алғандар жағдайды күрделендіруде, — дейді Бақтығали Аюбайұлы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *