
Шымкентте тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау жалғасып жатыр. Дәл қазіргі уақытта порталға 319 өтінім түсіп, оның 218-нің өтініші тұрғын үй сертификатын алудың талаптарына сәйкес келмегендіктен бас тартылған. 20 өтінім мақұлданса, 30 өтінім қаралымда.
«Тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20», «5-10-20», «5-20-25» және «7-20-25» бағыттары бойынша тұрғын үй алуды көздеген, тұрғын үй сертификаттарын алу талаптарына сай келетін әрбір азаматқа 1 миллион теңгеге дейін мөлшерде мемлекет тарапынан бастапқы жарна мөлшерінің бір бөлігін жабу үшін ұсынылатын әлеуметтік көмек ретінде беріледі», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20», «5-10-20», «5-20-25» және «7-20-25» бағыттары бойынша тұрғын үй алуды көздеген, тұрғын үй сертификаттарын алу талаптарына сай келетін әрбір азаматқа 1 миллион теңгеге дейін мөлшерде мемлекет тарапынан бастапқы жарна мөлшерінің бір бөлігін жабу үшін ұсынылатын әлеуметтік көмек ретінде беріледі.
Азаматтар тарапынан жіберілген өтінімдер қарауға алынған соң 3 жұмыс күні ішінде азаматтардың егов электрондық порталындағы жеке кабинетіне өтінімнің нәтижесі жолдануда. Тұрғын үй сертификатына құжат www.kezekte.kz сайты арқылы қабылданады.