
Ұйымдастырушылар көмек алуға келген тұрғындарды алда келе жатқан Алғыс айту күнімен құттықтап, мерекеге арнайы жасалған азық-түліктер жиынтығынан тарту таралғылар жасады. Ұйымдастырушылар кей отбасыларына күнделікті қажетті тауарларды үйлеріне жеткізіп алу үшін жолақыларын қарастырып берді.
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» компаниясы кезекті қайырымдылық іс-шараға ұйытқы болды. Әрдайым сын сәтте мұқтаж жандарға көмек қолын созатын зауыт ұжымы әз Наурыз мерекесінде де қарап қалған жоқ.
Еліміздегі ірі мұнай өңдеу компаниясы бұл жолы қайырымдылық акциясы аясында Қарабастау тұрғын алабындағы әлеуметтік жағдайы төмен 33 отбасыға азық-түлік қоржынын таратты. Мерекелік тарту ретінде ұсынылған қоржындардың ішінде ең қажетті азық-түлік өнімдері бар. Игі істі зауыт басшылығы он жылдан бері дәстүрге айналдырыпты.
Компания өкілдері орталық мешітке жиналған отбасыларды Наурыз мерекесімен құттықтап, зауыт басшылығының аманатын табыстады. Ал тұрмысы төмен отбасылар осынау игілікті іске ниет білдіріп, сын сағатта көмек қолын созған зауыт қызметкерлеріне алғыстарын жаудырды.