ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданы алдағы 5 жылда қалай дамиды?

Қаратау ауданында 247 мың халық тұрады. 24 тұрғын алабы бар. Қаратау ауданы бойынша 154 млрд. теңге инвестиция тартылған. Ол жалпы қалаға тартылған инвестиция үлесінің 55,6 пайызын құрайды. 2021 жылы инвестиция көлемін 170 млрд. теңгеге ұлғайту көзделуде. Бюджетке кіріс салығы 109 пайызға орындалды немесе 2019 жылмен салыстырғанда салық түсімі 142 пайызға өсті, яғни бюджетке 3 млрд. теңгеден астам кіріс түскен.

Ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуына бөлінген қаржы 100 пайыз толық игерілген. Қаратау ауданының құрылғанына 5 жыл болған. Аудан әкімі баяндамасында жаңадан қосылған елдімекендерде негізінен инфрақұрылымдық проблемалар мазалайтынын жеткізді. А.Әліқұловтің айтуынша халықтың 77 пайызы ауыз сумен қамтылса, 10,4 пайызы суды тасып ішеді. Былтыр Азат шағынауданына ауыз су берілген. Тассай тұрғын алабында ішкі су жүйелерін тарту жұмыстары аяқталған. Өтеміс ауылында ауыз суға байланысты жөндеу жұмыстары аяқталып, нысан пайдалануға берілді.

Ендігі мәселе Асар-2, Бозарық, Исфиджаб, Қызылсу, Жаңақұрылыс шағынаудандарын ауыз сумен қамту болып отыр. Электр энергиясы бойынша баяндаған аудан әкімі халықтың 78 пайызы сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілгенін мәлімдеді. «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС инвестициялық бағдарлама аясында 270 млн. теңгеге таскен тұрғын алабына электр желісін тартып берген. Бүгінгі таңда мұнда абоненттеу жұмыстары жүріп жатыр. Өз кезегінде аудан тұрғындарының 73 пайызы табиғи газбен қамтылған. Былтыр Тұран шағынауданына магистральді газ құбыры тартылған. Асар-2, Азат, Достық, Қайнарбұлақ шағынаудандарын газбен қамтамасыз ету жұмыстары биыл да жалғасады. 2023 жылы бітуі тиіс АГРС-3 биыл көктемде іске қосылса, Қаратау ауданына берілетін газ қуаты 150 мың текше метрге артады. 2030 жылға қарай ауданда үйлердің 55 пайызы кәріз жүйесіне қосылуы тиіс.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *