«Мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарды жан басына нормативтік қаржыландыру»

Шымкентте балаларға арналған спорттық секциялар жан басына қаржыландыру жобасына көшкелі бір айға жуықтады. Жаңа бағдарлама аясында қаладағы спорттық орталықтар мен кейбір қосымша білім беру мекемелері енді ақысыз қызмет көрсететін болады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында балаларды бұқаралық спорт түрлеріне белсенді тарту, сондай-ақ спорт секцияларын ашу және балалар клубтарының қызметін жандандыруды тапсырған болатын. Бұл міндетті жүзеге асыруда өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы балаларға мемлекеттік бюджет есебінен спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелерге тегін баруға мүмкіндік беретін «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойған болатын.

Мамыр айында елімізде «Мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарды жан басына нормативтік қаржыландыру» «Бала» сандық платформасы іске қосылды. Су спортына қашанда сұраныстың көптігі болар, бір айдың ішінде арнайы портал арқылы 853 ата-ана тегін үйірмеге қатысуға ниет білдіріпті. Оның ішінде 537 өтінім мақұлданып, ата-ана мен кәсіпкер арасында жылдың соңына дейін екіжақты  келісімшарт түзілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *