ШЫМКЕНТ: Әлеуметтік саламен айналысатын басқармада 57 штаттық бірлік қызмет көрсетеді

Әлеуметтік сала – өзекті саланың бірі. Қоғамның ажырамас бөлігі. Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстанда әлеуметтік салаға, халықтың әлсіз топтарына қолдау көрсетуге баса назар аударылып келеді. Әсіресе, 2020 жылғы пандемия кезінде әлеуметтік қамқорлыққа деген сұраныс артты.

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, аты айтып тұрғандай, әлеуметтік саламен айналысады. Жалпы, басқармада 57 штаттық бірлік қарастырылған. Біз тұрғындарға 25 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеміз. Осы қызметтер санына келер болсақ, басқарма тарапынан 2020 жылы 166 435 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Халықпен тікелей жұмыс істейтін 22 қызметкердің әрқайсысына, орта есеппен, 7 565 мемлекеттік қызметтен келіпті. Оның ішінде 43 619 қызмет электронды түрде көрсетілді. Бұл жалпы қызметтің 26,2 пайызын құрайды. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы – 43 565 қызмет (26,2%), ал басқарманың өзі және басқармаға қарасты Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 79 251 қызмет көрсетілді (47,6%).
Айта кетейік, басқарма көрсететін қызметтер біртіндеп электронды порталға өтуде. Алдағы уақытта толықтай цифрландыруға өткен кезде көрсетілетін қызмет көлемі бұдан да арта түседі деп ойлаймыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *