ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ШАРДАРА АУДАНЫНА ІССАПАРЫ

Республикамыздың Парламент Мәжілісі депутаттары Ержан Құдайберген Төлепұлы және Мыңбай Дархан Қамзабекұлы Шардара ауданына іссапармен келді, дп хабарлайды Шардара ауданының баспасөз қызметі.

«Nur Otan» партиясы атынан сайланған халық қалаулылары Шардара ауданындағы  «Хамит»  СТК  балық өңдеу зауытында болып, өндіріс орнының жұмысымен танысты. Депутаттар балық өңдеу саласындағы технологиялардың құрылымын қарап, оларды дамыту бойынша атқарылатын жұмыстар жөнінде сөз қозғады.

Сондай-ақ энергетика саласы  бойынша  Шардара  ГЭС жүргізілген жаңғырту жұмысында болып, электр қуатын өндіруге арналған заманауи тың технологиялардың жұмысымен танысты. Олар энергия өнімділігін арттыру бойынша сөз қозғап, мәселелерді талқылады.

Онымен қоса, Мәжіліс депутаттары аудандық өлкетану музейінде болып, тарихи жәдігерлермен танысты.

Музейдің жалпы әлеуеттік жағдайы мен ауданның мәденит саласы талқыланып, бірқатар мәселелер талқыланды.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаты Мыңбай Дархан Шардара аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының ғимаратында болып, тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.

Депутат Дархан Қамзабекұлының  қабылдауында болған тұрғындар: газ, ауыз су, тұрғын үйлерді жаңғырту (кондаминиум), туризм саласы, 150 орындық емхана ғимаратының құрылысы және Шардара су қоймасын бекемдеу құрылысы бойынша сауалдар қойды.

Парламент депутатты әр сұраққа жеке-жеке жауап беріп, қажет болған жағдайда Үкіметке депутаттық сауал ретінде жолдайтындығын жеткізді. Бұдан бөлек, жергілікті филиалдар арқылы партиялық бақылауда ұстап отыратындығын атап өтті.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары іссапар соңында Шардара ауданындағы Республика деңгейінде көтіруде қажет ететін мәселелерді депутаттық сауал ретінде жолдап отыратындығын айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы