Сайрам аудан әкімі Ұласбек Сәдібекұлының төрағалығымен лездемелік мәжіліске ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Е.Түктібай,
«Ақсукент» Сайрам аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Қ.Ыдырысов «Қарабұлақ» аудандық орталық аурухана бас дәрігері Э.Қожахметова, аудандық полиция басқармасының басшысының орынбасары С.Ботабеков қатысты.
Сайрам тазалық» жауапкершілік шектеулі серіктестіктің мекемесі тарапынан ағымдағы жылдың мамыр айына дейінгі мекеме қызметкерлеріне берешек қарыздары 25,0 млн. теңгеге қордаланған болатын. Бүгінгі күнге берешек қарыздары 8,0 млн. теңгені құрайды. Мекеме тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда. Аталған мәселе Сайрам ауданының прокуратурасының жіті бақылауында. Сонымен қатар аудан тұрғындарының «Сайрам тазалық» ЖШС мекемесіне тұтынылған ауыз суға жалпы – 31 070 673 теңге берешек қарыздары қалыптасқан,- деп баяндады аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ж.Абданбеков
Су мен светтің қарызымен ойнауға болмайды, өшіріп қояды, әр тұрғынға жеке- жеке түсіндіру жұмыстары жүргізіңіздер. Қарызды қайтару парыз емес пе, пайдаланған қызметті төлеу санасында болғаны жақсы. Ауылдық округ әкімдеріне әрқайсысына бөлек мерзім қойып уақытында орындалуын ұйымдастыру бөлімі назарға алыңыздар. Және де халық санағы ол саяси науқан екенін ескеретін болсақ, дайындықты күшейтіп, өз дәрежесінде өткізу қажет, деп қорытындылады аудан басшысы Уласбек Сәдібекұлы
Биыл халық санағы кезінде сауалнама парақтарын онлайн режимде өз бетінше немесе үй-үйді аралау кезінде офлайн толтыру мүмкіндігі қарастырылған. 1 қыркүйектен бастап sanaq.gov.kz сайты жұмысын бастайды. Сайрам ауданы бойынша 2021 жылы ҚР халқының ұлттық санағын өткізу жөнінде іс-шаралар жоспары бекітілген. Алайда, ауылдық округі әкімдері іс-шараға сәйкес жұмыстар жүргізілмей отыр. Барлық ауыл округінде жаңа үлгідегі билбордтар жасалынып, ілінбеген. Парақшалар тарату, бейнероликтер түсіру де өз деңгейінде емес.