Асхат Аймағамбетов Халықаралық Олимпиада жүлдегерлеріне алғыс хаттар табыстады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Халықаралық Олимпиада жүлдегерлерімен бейресми кездесу өткізді деп хабарлайды білім және ғылым министрлігі.

Биыл ірі халықаралық олимпиадада  оқушылар 26 медаль жеңіп алды, оның ішінде 2 алтын, 13 күміс және 11 қола. Нәтижесінде соңғы жылдардағы рекорд жаңартылды.

Кездесуде Оқушылармен және жаттықтырушылармен олимпиадалық қозғалысты алдағы уақытта одан әрі дамыту бағыттарын талқыланды.

Биыл олимпиаданың республикалық кезеңі жаңа электрондық форматта өтті.

Сондай-ақ академиялық адалдықты қамтамасыз ету мақсатында жаңа шаралар қабылданды. Жаттықтырушылар мен мектеп оқушылары осы бағыттағы жұмысты күшейту бойынша министр қосымша шаралар ұсынды.

Кездесу соңында Олимпиада жүлдегерлеріне Мемлекет басшысының атынан алғыс хаттар табыс етілді.

Сонымен бірге  жаттықтырушылардың еңбегі де атап өтілді.

Министр Асхат Аймағамбетов :

-Мен олимпиада қатысушыларының мұғалімдеріне, ата-аналары мен жаттықтырушыларына тағы да алғыс айтқым келеді. Сіздердің мұндай нәтижелерге қол жеткізуде еңбектеріңіз орасан зор. Өз кезегінде Білім және ғылым министрлігі оқушыларымыздың биік белестерді одан әрі бағындырып, Қазақстанды әлемдік аренада лайықты деңгейде танытуларына жағдай жасауды жалғастыратынын атап өткім келеді.- деді министр өз сөзінде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *