БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі конференциясында 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан өтпелі экономикасы бар 17 елдің және теңізге шыға алмайтын 34 елдің ішінде таза тікелей шетелдік инвестициялар көлемінің ең жоғарғы өсімін көрсетті,-деп мәлімдейді ҚР сыртқы ісер министрлігі.
Бүкіл әлемде олардың жалпы көлемінің 2005 жылдан бері ең төменгі көрсеткішке дейін үштен бірге қысқаруы аясында Қазақстанда өткен жылға қарағанда таза тікелей шетелдік инвестицияларды 34,9%-ға көп тартылды. Бұл деректер БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) «Инвестициялар жөніндегі дүниежүзілік баяндамасында» көрсетілген.
Пандемия әсерінен туындаған экономикалық дағдарыс әлемдегі халықаралық сауда-экономикалық қатынастардың құрылымына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Бұл тікелей шетелдік инвестициялар ағындарында да көрініс тапты.
Баяндамада, өткен жылы жаһандық экономикадағы таза тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 35%-ға қысқарып, жалпы алғанда 1 трлн. АҚШ долл. құрады. Бұл соңғы 16 жылдағы ең төменгі көрсеткіш.
Коронавирустық дағдарыс бұл тұрғыда өтпелі экономикасы бар елдерге қатты теріс әсерін тигізді. БҰҰ-ның сауда және жөніндегі конференциясында сарапшыларының болжамы бойынша, аталған елдер тобындағы ТШИ ағынын қалпына келтіру тек 2022 жылы ғана күтілуде.
Бұл ретте, ЮНКТАД деректері бойынша, ҚР Үкіметінің құрылымдық реформаларды жүргізуінің және инвестициялар тарту саласында іске асырып жатқан саясатының арқасында Қазақстанда өтпелі экономикасы бар елдер мен теңізге шыға алмайтын елдер арасында таза тікелей шетелдік инвестициялар ағынының едәуір өскені атап өтілді. Аталған өсім өңдеу өнеркәсібі, көлік, телекоммуникация, қаржы қызметі, энергетика, тау-кен өндіру кешені және т.б. салалардағы инвестициялар есебінен қамтамасыз етілді.
Өтпелі экономикасы бар елдерге таза тікелей шикізат инвестициялар ағынының жалпы көлемі өткен жылы 24 млрд. АҚШ долл., Қазақстанда 3,9 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш тек Ресей Федерациясында ғана жоғары.
Осындай рейтинг теңізге шыға алмайтын елдер арасында да жасалды, олардың арасында тікелей инвестициялардың таза ағыны 15,4 млрд АҚШ долл. құрады. Аталған елдер тобында таза ТШИ көлемі бойынша Қазақстан 1-ші орынға ие болды.
БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференцияда айтылған баяндамада пандемияның жаһандық экономикаға теріс әсері аясында Қазақстанда шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар сақталып отырғанын көрсетеді. Елдің халықаралық рейтингтердегі тұрақты жоғары позициясы, сондай-ақ ТШИ тарту статистикасы Қазақстанның жоғары инвестициялық тартымдылығын, инвесторлардың тіпті дағдарыс кезеңінде де жобаларды іске асыруды бастауға және жалғастыруға деген ынтасын растайды.
ЮНКТАД сарапшыларының болжамы бойынша 2021 жылы тікелей шетелдік инвестициялар ағынының өсуі әлем бойынша орта есеппен 10-15%-ды және дамушы елдерде 5-20%-ды құрайды.