Сарыағаш ауданында ата заң күніне орай үстел теннисінен жарыс өтті

30-тамыз Конституция күніне орай Сарыағаш аудандық пробация қызметінің есебіндегі жастармен «ЗАҢ ЖӘНЕ ЖАСТАР» тақырыбында спорт түрі үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану және қылмыс пен құқықбұзушылыққа жол бермеу.

Аталмыш жарыстың ашылуында сөз алған жастар ресурстық орталығы басшысы Н.Отаров жарысқа қатысушы жастарға сәттілік тілеп, жастарды спортпен ұдайы айналысуға шақырды. Жарысқа аудандық пробация қызметінің есебіндегі жастар қатысып, өзара сынға түсті.

Жарыс қорытындысы бойынша:

І-орынды Аманбай Аян

ІІ-орынды Оразбаев Айдос

ІІІ-орынды Жолдасбаев Жәнібек иеленді. Жеңімпаздар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *