Сайрам ауданында жаңа спорт алаңшасы ашылды

Сайрам ауданының әкімі Уласбек Сәдібекұлының бастамасымен Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай Қарасу ауылдық округінің Бескепе ауылында спорт алаңшасы ашылды, — деп хабарлайдыСайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Көптен күткен сәтте балалардың қуанышын бөлісуге аудан әкімінің орынбасары

М.Оразалиев, ауыл билері және БАҚ өкілдері келді.

Аудан әкімі бұқараның, оның ішінде жастарды спортқа баулу бойынша тапсырмасы негізінде жергілікті бюджеттен 14 500 000 теңге қаржы бөлінген болатын. 8 соттық жерге орналасқан алаңшаға спорттық талаптарға сай келетін тартан материалы төселген. Бұған дейін Қарасу ауылдық округінің басқа елді мекендерінде 4 спорт алаңшасы тұрғындар игілігіне берілген еді.

Ең маңыздысы, спорт алаңшалары заманауи талаптарға сай, сапалы салынған. Бұдан бөлек, Бескепе елді мекенінің балалары мен жастары да жайлы және қауіпсіз алаңда спортпен шұғылданатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *