Депутат Сүлеймен Арыстаонв Түркістан қаласының жекпе-жек түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ұжымымен жүздесті,- деп хабарлайды Түркістан қалалық мәслихаты.
Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының Түркістан қалалық №5 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі директоры Дархан Төреәділұлы бастаған мектеп ұжымымен кездесу барысында мәслихат депутаты «Nur Otan» партиясының бағдарламасы аясында жоспарланып, атқарылып жатқан жұмыстарын атап өтті. «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының Түркістан қаласында орындалу барысын талқылай отырып, жоспар бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың қарқынымен таныстырып, өзара пікір алмасты.
Көп жылдардан бері Сүлеймен Тұрсымбайұлы аталшым білім ордасына демеушілік жасап, жас буынның дүбірлі додаларға қатысуына ат салысып жүрген азаматтардың бірі. Оқу орадсында жүздескен ұстаздар депутатқа дән ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да шымыр жас спортшыларды шынықтыруға аянбай ат салысатындықтарын жеткізді.