Биыл елімізде ауыл тұрғындарының 92%-ы сумен қамтылады

Қазір елімізде сумен жабдықтау қызметтеріне азаматтардың 94,1%, оның ішінде қалаларда — 97,5%, ауылдарда — 90,1% қол жеткізген.

Биыл жыл қорытындысында тағы 200 мыңға жуық адамды қамту жоспарланған. Бұл дегеніміз — 17,86 млн адам немесе республика халқының 95%-ы болып отыр. Атап айтқанда қалаларда — 98%, ауылдарда – 91,8%.

2025 жылға қарай тұрғындарды 100% сумен қамту жоспарланып отыр. Ол үшін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және жаңғыртуға 586 млрд теңге бөлінеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *