Жақында ақ — қарасын дәлелмен, ажыратып халық алдында есеп береміз

Тұрсынбек Қабатовтың жары алғаш рет қызына қатысты жанжалға жауап берді.  Отбасымызға жасалып жатқан ақпараттық шабуылға біз үнсіз қалып жатқан жоқпыз, біз іске көштік. Жақында ақ-қарасын дәлелмен ажыратып, халық алдында есеп береміз. Тек уақыт керек екенін жеткізеді өзінің инстаграм парақшасында.

       Өмірде жалған жала арқалағаннан асқан сорақылық жоқ екен. Дәл қазір менің ана жүрегім қас айырылып жүр. Өзіміздің қазақ бауырларымыздың бізді «халық жауы» етіп көрсетуге сонша талпынып жатқандығы күйіндіреді. Ашық тұрған жарамызға тұз сеуіп, бізбен қоса баламызды ащы сөз, жалған ақпаратпен тұншықтырып жатқан әлеуметтік желі белсенділеріне налимын. «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істін бәрі бос»- деп Абай бабамыз келтірілген  жолдар қай кезде де өзекті. Қазақты жығып беретін, жығылған кезде жұдырық беретін де өз қазағымыз…өте өкінішті!

 

Халық алдында ұпай жинау үшін, охват пен лайк санын көтеру үшін ақпарат таратқан, жеке бастын құқығын таптаған, бойжеткенге тіл тигізген әр блогер, жазушы, желі белсендісі Заң алдыңда жауап береді дейді – Мөлдір Мұқанова.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *