ШЫМКЕНТ: 350 мыңға жуық білім алушылармен жаңа 2021-2022 оқу жылын дәстүрлі форматта бастадық

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Дәстүрге айналған тамыз кеңесі биыл Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясында еркін пікір алмасу негізінде ұйымдастырылды. Шаһар басшысы Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен алқалы жиынға қалалық мәслихаттың хатшысы Б.Нарымбетов, «Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Бектаева, қалалық мәслихат депутаттары қатысты.

Биыл 350 мыңға жуық білім алушылармен жаңа 2021-2022 оқу жылын дәстүрлі форматта бастаймыз. Бала саны 17 мыңға артты. Сәуір және тамыз айларында бірінші сыныпқа 25 мың оқушыны онлайн қабылдадық. Бұл жұмыстар әлі жалғасуда, — деді Ж.Тәжиева.

Ал қаладағы 524 мектепке дейінгі білім беру мекемесінде 66 132 бала бар. Оның ішінде, мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 3-6 жас аралығындағы 52 859 бала қамтылған. 1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту үшін жан басына шаққандағы қаржыландыруға сәйкес, әр балаға 37 527 теңгеден белгіленіп, жалпы 29 млрд. 946 млн.теңге қаржы қаралған.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі әзірленді. Жаңа жүйені енгізу жаңа оқу жылынан басталады. Бұл үшін «Ойын арқылы оқыту» қағидаты негізінде мемлекеттік стандарт өзгертіліп, үлгілік оқу бағдарламасы қайта қаралады. Сонымен қатар, «Балаларды ерте дамыту институтын» құру бойынша жұмыстар жүргізіліп, тәуелсіз ұлттық бағалаудың жүйесі енгізілетін болады. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру яғни қаржыландыру жүйесі де жаңартылуда, — деді басқарма басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *