Түркістанда халық санағына түсіндірме жұмыстары жүруде

2021 жылы 1 қыркүйек – 30 қазан аралығы өтетін Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы өтетіні туралы Түркістанда  қала тұрғындарына жеткізу мақсатында үнпарақтарды тарату мен түсіндірмен жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр.

Айта кетейік, Қазақстанда ұлттық халық санағы әр 10 жыл сайын өткізіледі. Соңғы науқан 2009 жылы, келесі науқан 2019 жылы өтуі керек еді. Алайда санақты дайындау мен өткізуге байланысты бірқатар ұйымдастырушылық мәселелерді ескере отырып, оны 2020 жылы өткізу туралы шешім қабылданды. Еліміздегі коронавирустық инфекцияның таралуына және енгізілген шектеулі карантиндік шараларға байланысты қазіргі жағдайға байланысты кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды.

Биыл сауалнама парақтарын онлайн режимде өз бетінше немесе үй-үйді аралау кезінде офлайн толтыру мүмкіндігі қарастырылған. 1 қыркүйектен бастап sanaq.gov.kz сайты жұмысын бастайды, мұнда қазақстандықтар 15 қазанға дейін онлайн режимде сұрақтарға жауап бере алады.

Ал дәстүрлі жалпы аралау 1-30 қазан аралығында өтеді және ол белгіленген мерзім ішінде санаққа онлайн қатыспаған респонденттер арасында жүргізіледі. Бұл кезеңнің жаңалығы – интервьюерлердің үй аралау кезінде электронды планшет қолданады. Бұл санақ жүргізетін қызметкерлердің еңбек шығынын төмендетуге, мәліметтер сапасына адам факторының ықпалын азайтуға, ЖСН енгізе отырып, санақ мәліметтерінің нақтылық деңгейін арттыруға, қағаз бен кеңселік құралдарды айтарлықтай үнемдеуге, сондай-ақ, интервьюерлер үшін қолайлылық пен олардың жинақылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *