Мектебімізде білім мен ой жарысына толы ерекше пікірсайыс турнирі өтті. «Зияткер оқушы – зиялы ұлт» атты бұл шараға қаламыздың 20 мектебінен 26 фракция қатысты. Оқушылар өзара ой бөлісіп, терең талқылаулар жүргізіп, логикалық ойлау мен дәлелді пікір айту дағдыларын көрсетті.
Турнирде талқыланған өзекті тақырыптар: Жасанды интеллект: Алдағы 10 жылда жасанды интеллект адамның интеллектуалдық қабілетінен асып түсуі мүмкін бе? Бұл технология адамзатқа қауіп пе, әлде мүмкіндік пе? ҰБТ жүйесі: Білім деңгейін бағалаудың ең тиімді тәсілі ме, әлде оны жетілдіру қажет пе? Soft skills: Қазіргі мектеп бағдарламасына soft skills курстарын енгізу қаншалықты қажет? Оқушыларға сыни ойлау, коммуникация және көшбасшылық дағдылары маңызды ма? Ғарыштық зерттеулер: Ғылымды дамыту үшін ғарыштық зерттеулерге қаражат жұмсау орынды ма, әлде оны әлеуметтік мәселелерді шешуге бағыттау керек пе? Жануарлар әлемі: Егер жануарлар саясатқа араласса, басты көшбасшы панда бола ала ма? Мистикалық оқиғалар: Әрбір мистикалық оқиғаның логикалық түсіндірмесі бар ма?
Жарыс нәтижесіне сәйкес жеңімпаздар тізімі төмендегідей: I-орын: «Тек қана кубоктар» фракциясы (Түркістан NIS) – Құралбек Даулет – Буйрабай Нұрсезім
II-орын: «ЖасStars» фракциясы (Отырар ауданы Шәуілдір ауылы Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернаты) – Такура Асхан – Төрегелді Нұрбек
III-орын: «Ақиқат» фракциясы (Түркістан қаласы 28 мектеп-лицейі) – Әділхан Әдемай – Арыстан Салтанат
Бұл турнир барша қатысушыларға өз ойларын еркін жеткізуге, сыни тұрғыдан ойлауға және қоғамдық мәселелерге терең талдау жасауға мүмкіндік берді.