ТҮЛКІБАС АУДАНЫ ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ БОЙЫНША КӨШ БАСТАП ТҰР

Ағымдағы жылдың 7 айдың қорытындысымен ауданымызда «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 6 жоба 250 млн. 5 жүз мың теңгеге жеңілдетілген несиемен қаржыландырылған. 2 млр. 760 мың теңге құрайтын 14 жобаның құжаттары рәсімделуде. Мемлекеттік бағдарламаны орындау көрсеткіштері бойынша ауданымыз өңірде көш бастап тұр. Басқа да мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 49 жоба 715 млн. 8 жүз мың теңгеге қаржы институттары арқылы қаржыландырылған. Бұл жайында бүгінгі аудан әкімі Н.Байғұттың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында аудан әкімінің орынбасары Б.Ахметов мәлімдеді. Бұдан бөлек аудан әкімінің орынбасары өзінің жетекшілік ететін салалары бойынша атқарылған жұмыстар барысын баяндады.

Сонымен қатар, лездемелік жиынның күн тәртібінде салық түсімдерін ұлғайту мен коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы талқыланды.

Жауапты басшылардың баяндамасынан соң жиынды қорытындылаған аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлы аудан бюджетіне түсетін салық түсімдерін ұлғайту мақсатында аудандық кірістер басқармасының басшысы мен жауапты орынбасарына және ауыл әкімдеріне аудан аумағында тіркелмеген кәсіпорындарды салық басқармасына тез арада тіркеуді, өндірілмеген көлік және мүлік салығын өндіруді, халық санағы кезінде кәсіпкерлік нысандарын түгендеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Салық түсімдерін ұлғайту бойынша қосымша пысықтау жұмыстарын аудан әкімдігі жанынан құрылған комиссияның отырысында талқылап, жетілдіруді тиісті орынбасарына жүктеді. Салықтан түскен әр бір қаражат ауданымыздың дамуы мен проблемалық тұстарын реттеуге жұмсалатынын жеткізді.

Индикаторлық көрсеткіштерді төмен орындаған бөлім басшыларына ескерту жасап, 9 айдың қорытындысымен көрсеткіштерді белгіленген межеге жеткізуді тапсырды.

Ауыл әкімдеріне халық арасында ұжымдық иммунитет қалыптастыру мақсатында екпе алу жұмыстарын насихаттауды жандандыру қажеттігін атап өтті. Оқу жылының басталуына байланысты балалардың жолдағы қауіпсіздігін бақылауда ұстап, барлық мектептерде бекітілген санитарлық нормалардың сақталуы қатаң бақылауда болу керектігін ескертті.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *