ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ КӨПБАЛАЛА ОТБАСЫЛАРҒА КӨМЕК БЕРДІ

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев «Мектепке жол» акциясы аясында көпбалала отбасыларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар, мектеп формасын табыс етті.

Аудан көлемінде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық шарасы биылғы жылы да жалғасын тапты. Акцияның мақсаты– жаңа оқу жылына дайындық жасау, аудандағы аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, балалардың сапалы білім алуына мүмкіндік жасау болып табылады.

Аудан басшысы Ленгір қаласының тұрғындарының үйін аралап, тұрмыстық жағдайымен танысып, оқушылардың ата-аналарымен кездесіп, қайырымдылық акциясының маңыздылығын әңгімеледі. Елімізде оқушылардың сапалы білім алуына жасалып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті. Әлемді әбігерге салған індеттің салдарын айтып, ұстаздар қауымына қолдау танытқан ата-аналар еңбегін бағалап өтті. Оқушыларды сапалы білім, саналы тәрбие алуға шақырып, олар еліміздің ертеңі, болашағымыз екенін айтты.

— Қазіргі заманда ақыл-ой бәсекесі ерекше маңызды. Сондықтан, жаңа технологиялар, инновациялық өзгертулер, компьютерлік басқару секілді жаңа заман талаптары арқылы білімдеріңді жоғары сапаға көтеруге мүмкіндіктерің бар,-  деді аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *