Қазақстаннан Чехияға экспорт деңгейі қарқынды өсу үстінде

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Чех Республикасының ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Рудольф Гиклмен екіжақты кездесуі өтті, деп мәлімдейді ҚР Сауда және интеграция министрлігі.

Кездесуде негізгі мәселелерінің бірі  қарашада Прага қаласында өтетін Қазақстан-Чехия сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның (Комиссияның) 11-ші отырысына дайындық барысы талқыланды.

«Ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру мақсатында қазақстандық тарап бизнес үшін қолжетімді мүмкіндіктер туралы, жобалар мен бірлескен кәсіпорындар туралы ақпарат алмасуға, іскерлік байланыстар орнатуға қолдау көрсетуге дайын,» — деп атап өтті Қайрат Төребаев.

Онымен қоса, Чехия тарапы ағымдағы жылғы 8-12 қарашада Брно қаласында жоспарланып отырған халықаралық машина жасау көрмесі туралы хабардар етті және қазақстандық тарапты Көрмеге қатысуға, сондай-ақ осы қатысуды комиссияның 11-ші отырысын өткізумен біріктіруге шақырды.

Айта кетейік, Вице-министр Қайрат Төребаев Чехия Республикасының Елшісін энергетика және өнеркәсіп бойынша 2 жұмыс тобының комиссия алаңында өтетін дайындық барысы туралы хабардар етті.

Ағымдағы жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстан мен Чехия арасындағы өзара сауда $148,1 млн.құрады, бұл ретте, Қазақстаннан Чехияға экспорттың оң серпіні байқалады. Мәселен, 7 айда экспорт $53,1 млн. құрап, 26,2% — ға өсті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *