Мемлекет басшысы – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшуді ұсынған болатын.
Тұжырымдаманың негізгі мақсаты мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы диалогтың жоғарғы деңгейдегі ашықтығы және халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға жедел әрекет ету болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ ТО бойынша филиалы аудандық бөлімдерінде (Халыққа қызмет көрсету орталықтарында) департамент жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобы, жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйым мүшелерінің қатысуында, азаматтарды мемлекеттік қызметтер көрсетулер бойынша қоғамдық қабылдаудың кестесі бекітілген болатын.
Осыған орай, бүгін Келес ауданында азаматтарды қоғамдық қабылдау өтті. Аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында Келес аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдердің мамандарымен қоғамдық қабылдау өткізіліп, жалпы 46 тұрғын қатысты. Қоғамдық қабылдауға келушілердің басым көпшілігі тұрғын үй, жер телімдері, жұмыспен қамту және дипломмен ауылға мемлекеттік бағдарламары бойынша өздерінің сұрақтарын қойып, жауапты мамандардан тұщымды жауаптарын алды.