Қалада жасыл аймақ ұлғаюда

Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ғалымжан Ильясов қала әкіміне атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Жиында жасыл аймақтарды ұлғайту, саябақтар мен гүлзарлардың құрылысы, ирригациялық жүйелердің мәселелері талқыланды.
Басқарма басшысы 2021-2025 жылдары жасыл аймақтарды ұлғайту жоспарымен таныстырды. 2021 жылы жасыл аймақты
250 гектарға дейін ұлғайту көзделген. Ал, 2022 жылы 2250, 2023 жылы 3000, 2024 жылы 3200, 2025 жылы 4300 гектарға жеткізу межеленіп отыр.
Басқарма басшысының айтуынша, мемлекет мұқтаждығы үшін қайтарылуы тиіс жер телімдерінің аумағы – 4175 гектар. Оның ішінде, бүгінде 1 022 га жер телімі мемлекет мұқтаждығы үшін қайтарылды.
Сондай-ақ, есепті жиында жасыл аймақтарды ұлғайту мақсатында егуге ұсынылатын ағаштар тізбесі ұсынылды. Атап айтқанда, қалада жасыл аймақ аумағына гледичие, шаған (ясень), бадам, қарағаш және жиде ағаштарын отырғызу  жоспарлануда.
Бұдан басқа, ұлттық парктер мен резерваттар аумағында 62,5 мың га алқапта шамамен 200 млн ағаш отырғызылады. Ал компенсация ретінде отырғызылатын ағаштар, автомобиль және темір жолдар бойындағы қорғаныш белдеулері, сондай-ақ халықаралық гранттар есебінен барлығы 182 мың га алқапқа 700 млн ағаш отырғызу жоспарлануда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *