ШЫМКЕНТ: Аулаларды абаттандыру жалғасуда

Қала әкімінің шалғай елдімекендердің инфрақұрылымын дамыту және абаттандыру жұмыстарын қарқынды жүргізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес Қаратау ауданы аумағындағы «Өтеміс» тұрғын алабындағы абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы аумағында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында көпқабатты 24 үйдің ауласында абаттандыру, балалар ойын алаңшаларын жаңалау жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар аудан әкімі аппаратының мамандары тарапынан тұрақты бақылауда.

Сонымен қатар, бұл мәселені арнайы мамандандырылған инжиниринг қызмет көрсетуші – «Global Stroy Expert», «Hazar инжиниринг», «D.E.A. Union», «BB-Media»  ЖШС-нің инженер-сарапшы мамандары қадағалауда.

Тұрғын алабындағы қолға алынған жұмыстарға аудан әкімі аппараты тарапынан қадағалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде аудандық инфрақұрылым және көріктендіру бөлімі тарапынан абаттандыру жұмыстарына жауапты мекемеге құрылыс жұмыстарының талапқа сай әрі сапалы жүргізілуі қажеттігі ескертілді.

Абаттандыру барысында аталған мекемелердің инженер-сарапшы мамандары орын алған кемшіліктерді  жою бойынша тиісті шаралар қолданып, қадағалау жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *