
Аудан аумағындағы көп қабатты тұрғын үй аулаларындағы қоқыс контейнерлердің айналасындағы бей-берекет қоқыстарды тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен бірге, негізгі көшелердің бойларындағы және аулалардағы жасыл желектерді суғару және қырқу, айналасын тазалау жұмыстары күнделікті жүргізіліп отырады.
Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында аудан аумағы 11 секторға бөлініп, мердігер мекеме аталған секторларды кестеге сәйкес жүргізуде.
Аталған жұмыстарды мердігер мекеме «Build strip» ЖШС атқаруда.
Қазіргі таңда жасыл желектерді (легустраларды) қырқу жұмыстары Арғынбеков және Темірлан тас жолы бойында атқарылуда.
Тазалық жұмыстары аудан әкімі аппаратының бақылауына алынып, мамандар тарапынан қадағалануда.
Аталған жұмыстар 4 шағын аудандағы тұрғын үй аулаларында жүргізілді.
Сонымен қатар, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, мамандар тарапынан қадағалануда.