
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде халқымызға өзінің кезекті Жолдауын жариялағаны баршаңызға мәлім.
Ел Президенті Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жариялап, Қазақстанның алдағы даму стратегиясын айқындап берді.
Осы орайда, Жолдаудағы маңызды мәселелерді талқылау мақсатында аудан басшысы Абзал Шымкентбайұлы аудан активімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Жолдаудағы елімізді дамуға бастайтын 7 негізгі басым бағыт пен 5 бастамада қаралған тақырыптар кеңінен талқыланып, аудан активі тарапынан пікірлер тыңдалды. Жиын соңын аудан әкімі барлық жобаларды жүзеге асыруда бірге атсалысу қажеттігін айтып қорытындыланды. Іс-шараға аудан ардагерлері, мәслихат депутаттары, білім және денсаулық, құқық қорғау саласы және БАҚ өкілдері қатысты.
Аудандық ақпараттық-насихаттық топтың ұйымдастыруымен Жолдауды халық арасында кеңінен насихаттау жұмыстары жалғасатын болады.