Үдемелi индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына» қалада 15 жоба енгiзiлген. Қазірде құны 11106,4 млн теңгені құрайтын 15 жоба толық iске қосылып, 922 жұмыс орны ашылды.«Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің» ақпаратына сай, 2021 жылы облыс орталығында 11918 шағын және орта кәсiпкерлiк субъект тiркелген. Оның жұмыс iстеп тұрған белсендi субъектiлерi-11510 құрап, жұмыспен қамтылған адам саны 26582-ге жеткен.
Сонымен қатар,«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында субсидиялау және кепілдендіру құралдары арқылы қолдау көрсету мүмкіндігі «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасында қарастырылған.
Бүгінгі таңға дейін жобалық кеңсеге Түркістан қаласынан 14 жоба ұсынылған. Оның: 7- туризм, 4- тамақ өндіру, 3 жоба білім саласы жобалары.
Олардың ішінен туризм бағытындағы 6 жоба қаржыландырылған.
Қазіргі таңда, рухани астананың әлеуетін көтеру үшін қолға алынған түрлі мемлекеттік бағдарламалар қарқынды жұмыс жасауда.
2023 жылға дейін Түркістан қаласының аумағында 3000-ға жуық жұмыс орны ашылып, мыңдаған адамды жұмыспен қамту жоспарланған.