
2021 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өзінің кезекті жолдауын Қазақстан халқына жолдады.
Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады.
«Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз» деп өз сөзін бастаған Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, еліміздің мемлекетті нығайту жолында жеткен жетістіктеріне тоқтала отырып, пандемия кезеңіндегі елдегі экономикалық даму, елдің алдағы әлеуметтік- экономикалық дамуының басым бағыттары жайлы айтты.
Сондай — ақ Жолдауда барлық саланың білім, тіл, мәдениет, экономика және де әлеуметтік мәселелерді дамытудың ұлттық жоспарына арнады.
Пандемия жағдайындағы қиындықтарға тоқталған Президент осыған дейін тасада қалып келген мамандарға да көңіл бөле бастады. Жолдауда кітапханашылар мен мұрағат қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі деді. Жолдауда көтерілген мәселелердің мәдениет саласы соның ішінде кітапханашылардың мәртебесін ерекше атап өткендігі кітапханашылар үшін қуанышты жағдай екендігін Жолдауды талқылау барысында кітапхана басшысы Д.Н.Сыдыкова айта отырып, кітапхана қызметкерлеріне Жолдауда қойылған міндеттерді жүзеге асыруға белсене ат салысу керектігін ескертті.