Сайрам ауданында 110 мешіт бар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысындағы өкіл имамы Е.Қарақұлов Сайрам ауданына арнайы келді.

Өкіл имамның іс-сапары аудан әкімі Ұ.Сәдібековпен кездесуден басталды. Кездесуде Сайрам ауданындағы діни ахуал мен мешіттердің төңірегіндегі өзекті мәселелер және имамдардың біліктілігін арттыру туралы сөз болды

Сондай-ақ, өкіл имам Е.Қарақұлов ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Түркістан облысы, Сайрам және Түлкібас, Төлеби аудандарымен бірлескен рухани іс-шараларға қатысу үшін арнайы келгенін жеткізді.

Айта кетейік, Сайрам ауданында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 110 мешіт бар.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *