Аудан әкімі Ұласбек Сәдібековтің төрағалығымен аппарат отырысы өтті

Аудан әкімі Ұласбек Сәдібековтің төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Жиында аудан аумағындағы коронавирус инфекциясы мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, инфекцияға қарсы вакцина егу жұмыстары, «Қазақстан Республикасының ұлттық санағы» бойынша онлайн санақтан өту барысы, аудан бюджеті қаржысының 9 айда игерілу, сондай-ақ, ауылдық округтері бойынша ауыл шаруашылығы жерлерін электронды картаға енгізу жұмыстары және ауылшаруашылығы мәселелері қаралды.

Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, пандемия кезеңінде тұрғындардың қауіпсіздігін барынша сақтауда әр жауапты маман өз ісіне мұқият болмай нәтиже шықпайды. Ауылдық округтерде әлі де той өткізу тоқтамай тұр. Бұл — учаскелік полицейлер бақылауды әлсіретіп жіберген деген сөз, — деді аудан әкімі. Аудандық ІІБ-не осыған қатысты шара көрілу керектігі ескертілді. Оған қоса, ауылдық округтерінің әкімдерінің жауапкершілігі де қаралады.

Ауылдық округтері бойынша ауыл шаруашылығы жерлерін электронды картаға енгізу жұмыстары және ауылшаруашылығы мәселесіне келсек, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру міндеттелген. Бұл ретте, аудандағы Ақбұлақ, Жібек жолы, Қарасу ауылдық округтерінде жұмыс төмен. Ақсукент, Арыс округтері ауыл шаруашылығы жерлерін электронды картаға енгізіп, тапсырманы толық орындаған. Жұмыс нәтижесі бойынша Ақбұлақ ауылдық округінің әкіміне сөгіс берілді. Қарасу мен Жібек жолы басшыларына ескерту жасалып, жұмысты ширату тапсырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *