Түркістанда 300 мың теңгелік құрылыс объектісін ұрлаған күдікті ұсталды

Түркістан қалалық полиция бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ер адамның айтуынша, оның Түркістан қаласында жүргізіліп жатқан құрылыс обьектісінен құны 300 000 теңге болатын құрылыс сатысымен оның темір құрамалы аяқтарын белгісіз біреу жымқырып кеткен. Аталған жайт ҚК 188-бабы «Ұрлық» қылмыстық құқық бұзушылығымен тіркелді.
Орын алған қылмысты ашып, күдіктіні анықтау мақсатында полицейлер жедел іске кірісті. Осы аумаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторлары көрген-білгендерден жауап алды. Полицейлер үзіліссіз барлық темір қабылдайтын орындарды қарап шықты. Осылайша ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басы анықталып, ұсталды. Ол бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты.
Белгілі болғандай, күдікті қараусыз жатқан темірлерді байқап, жеңіл жолмен пайда табуды көздеген. Содан арнайы мотореллер жалдап, темірлерді артып әкеткен. Ұрланған заттарды темір алатындарға 40 000 теңгеге өткізген. Бүгінде ұрланған темір құрамалы сатылар айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта».
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері мүліктеріңізге барынша сақ болыңыздар деп ескертеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *