
«Nur Otan» партиясының Сайрам аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп өтініш білдіретін азаматтардың көкейкесті мәселелері сан түрлі, оқиғалары сан алуан.
Қысқа жіптің күрмеуге келмеуіне баланысты қаржылай қолдау көрсету, жолдың, ауыз судың, электр жарығының сапасыздығы, табиғи газбен қамту, баспана, жайылым мәселелерін шешу бойынша көмек сұрап келеді. Сондай-ақ қолданыстағы заңдарға өзгеріс енгізуді ұсынатын азаматтар да бар.
Жыл басында аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің регламентіне сәйкес, аудан әкімі, орынбасарлары, фракция мүшелері мен құзырлы орган басшыларының азаматтарды қабылдау кестелері бекітілген. Бекітілген кестеге сәйкес, лауазымды тұлғалар мен мекеме басшылары азаматтарды қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
Осы аптада аудан тұғындарын аудан әкімінің орынбасары Ансар Усербаев пен Мадияр Оразалиевпен бірге азаматтарды қабылдау жұмысын жүргіздік. Қабылдауға келген 9 жерлесіміз атаулы әлеуметтік көмек алу, ауыз сумен қамту, баспана, жұмыспен қамту мәселелері бойынша өтініштерін білдірді. Сот шешімімен көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған азаматтың жүргізуші куәлігін алуға көмек көрсету мәселесімен де келуде.
Ал, Қарамұрт елді мекенінің 2 жоғары білімі бар азаматшасы 0,5 мөлшерімен (ставка) 5 жыл лаборант болып жұмыс істеп, өзі жұмыс істейтін білім ошағына мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмауы, соңғы 5 жылда осы білім беру мекемесіне 40-тан астам азамат жұмысқа қабылдануы жөніндегі жанайқайы арнайы зерделеуді қажет етеді. Орын алған мәселені аудан әкімінің орынбасары А. Өсербаев өз бақылауына алды.
Манкент елді мекенінің тұрғыны Айнабұлақ көшесінде бірнеше жылдан бері ауыз судың жоқтығы туралы шағым білдірді. Орын алған мәселе бойынша «Сайрам тазалық» мекемесіне тұрғындардың ауыз сумен қамту бойынша ұсыныс берілді. Нәтижесінде, аталмыш көшеге ауыз су жүйесінің мемлекет тарапынан жүргізілгендігі, су жүйесінде ауыз судың барлығы, ендігі кезекте тұрғындардың су жүйесін үйлеріне кіргізіп алу мәселесі тұрғаны анықталды. (төменгі бейнетүсірілімде)
Қоғамдық қабылдау бөлмесіне келген әрбір азаматтың өтініштері мен шағымдарында көрсетілген мәселелерді оң шешу бойынша қолданыстағы заң шеңберінде тиісті жұмыстар жүргізіліп, нақты жауаптары берілуде.
Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады. 2021 жылдың алғашқы 4 айының қорытындысымен Сайрам аудандық партия филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесіне 497 арыз-шағым келіп түсті, оның 425 ауызша, 72 жазбаша.
Келіп түскен жазбаша арыз-өтініштер тиісті мекемелер мен құқық қорғау органдарына жолданып, 72 арыз-өтініштің 44 оңтайлы шешіліп, 19 өтінішке заң аясында түсініктеме берілді, 9 өтініш бақылауда тұр.