
Сайрам ауданында ЖК Ш.Ниязходжаеваның «SOFIYA» кондитерлік өнімдері орталығының 2 филиалы қызмет көрсетуін бастады, оның бірі Ақсукент ауылдық округі орталығында болса, екіншісі Манкент ауылдық округі орталығында ашылды.
Жалпы алаңы 72 шаршы метрді құрайтын орталықта 6-8 азамат жұмыспен қамтылмақ.
Аталған кондитерлік орталығы 100-ге жуық тәттілер өндіріп, халыққа қол жетімді бағада ұсынылуда.
Сауда орнында таңғы ас ішуге арналған 5-6 орындық қарастырылған.
«Ашық» бағдарламамен «SOFIYA» бренді Шымкент қаласында 2018 жылдан бері, Сайрам ауданында 2021 жылдан халыққа сапалы өнімдерімен қызмет көрсетуде.