
Аудан әкімі Ұласбек Сәдібекұлы Ақсукент ауылдық округінің аумағында қолға алынған абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.
Құрманбек Жандарбеков атындағы мәдениет үйінің жанындағы аяқжолдың жөнделуін, Абылайхан көшесін декоративті жарықтандыру және Ақсу ауылындағы Сұраншы Батыр мен Төле би көшелерінің қиылысындағы панно орнату жұмыстарын көріп шықты.
Сондай -ақ Қарасу ауылдық округі Әйтеке би ауылында өзекті мәселеге айналған ауыз су жәйімен де танысты. Әйтеке би ауылы арқылы өтетін «Батыс Қытай-Батыс Европа» автомагистралі бойындағы еуроқоршау да назардан тыс қалған жоқ.
Аудан басшысы әлеуметтік маңызы басым бұл жұмыстардың сапасын сынға алды. Және ол
ескертулерді хаттамалық тапсырмаға енгізді.
Сапасыз, көзбояушылық үшін істелетін жұмысқа қатысты қатаң шара көрілетінін шегеледі. Ол жер асты өткелдеріне де, үстіндегі жұмыстарға да қатысты екенін баса айтты.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі