
Сайрам аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Парасат жолы» орталығында «Өнегелі ғұмыр» жобасы аясында саналы ғұмырын ауданымыздың мәдениет саласына арнаған, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Сейдуалы Темірбаевтың өмірі мен еңбек жолына арналған «Өнермен өрілген өмір» атты кездесу сағаты өткізілді. Сырлы да сазды кездесу сағатын Сайрам АОКЖ КММ директоры Дана Нұрмұхамбетқызы бастап, сөз тізгінін Қ.Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің термешісі, ақын Мейірхан Тұрсынбаевқа тапсырды. Сейдуалы Өмірәліұлының өмірі мен еңбек жолына арналған бейнекөрсетілім көрсетіліп, шәкірттері лебіз-тілектерін арнады.
Сейдуалы Темірбаев еңбек жолында әрдайым өнерлі жастарды өзіне тарта жүріп, оларды рухани тәрбиелеуде, өнерін жетілдіруде мол еңбек сіңірді.
Кеш қонақтары Әскер Құлданов, А.Қабылбеков, Мария Қалыбаева, Пернегүл Дүмшебаева еңбек жолында қызықты сәттермен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді. Мәдениет үйінің қызметкерлері ән шырқап, Әскер Құлданов кітапханаға кітап сыйлады.
Дана Нұрмұхамбетқызы Сейдуалы Өмірәліұлына шапан жауып, алғысын білдірді.