САЙРАМ: ЖОЛДАУ КЕЛЕШЕГІМІЗДІҢ ІРГЕСІН НЫҚТАУҒА МІНДЕТТЕЙДІ

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бүгінгі халыққа арнаған Жолдауын ерекше ықыласпен тыңдап шықтым.

Президенттің әр сала бойынша берілген тапсырмасы еліміздің дамуына бағытталды. Еліміздің жарқын келешегі жолында атқарылатын іс-шараларға тоқталып, әрбір сала бойынша жеке-жеке жоспарын баяндап өтті.

Ұлтаралық қатынас тіліне айналуға тиісті мемлекеттік тіліміздің Жолдау негіздерінің бірі болуының мағынасы зор деп ойлаймын. Жолдау келешегіміздің іргесін нықтауға міндеттейді.

Ендеше қуатты Қазақстанды бірге құрып, елдің әл-ауқатын жақсарту жолында жұмыс істеп, ерінбей еңбектенейік.

Есалиев Мұрат

Сайрам аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *