САЙРАМ: 18 елден келген спортшылардың арасында Халықаралық турнирде топ жару үлкен мәртебе

Спортты жас кезінен серік еткен ауданымыздағы С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназияның оқушысы, 2011 жылы туылған 5 «а» сыныпта оқитын Нысанов Ербол Алтайұлы жа-қында көршілес Қырғызстан Республикасының Ош қаласында өткен ушу-санда (ММА) бәсекесінде жүлделі орыннан көрінді.

Сынып жетекшісі Айнұр Райымбекова мен жаттықтырушысы Бекзат Жәлілдің жан-жақты қамқорлығы арқасында Ербол бұдан бұрынғы жарыстарда да көш төрінен табылып жүрген еді. Ал, енді биылғы жылғы қыркүйектің 22-сі мен 23-і аралығында Қырғызстанның Ош қаласында өткен халықаралық бәсекеде ол топ жарып, 2-орынды иемденді. Сөйтіп, күмістен алқа тақты.

— 18 елден келген спортшылардың арасында Халықаралық турнирде топ жару үлкен мәртебе екен,- дейді Ербол Алтайұлы. Ерболдың жаттықтырушысы Бекзат Жәліл шәкіртінің үлкен додадан абыроймен оралғанына бек қуанышты. 4 күнге созылған бәсекеде шәкіртінің алдыңғы көштен көрінгенін мектеп ұжымы да үлкен мәртебе санайды. Біз жас спортшыға: «Ербол, ерлей бер», — деген тілектестігімізді білдіреміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *