САЙРАМ: ЖҰЛДЫЗДАРЫ ЖАРҚЫРАҒАН АУЫЛ

Жібек жолы ауылдық мәдениет үйі 1960 -1963 жылдар аралығында салынып, халық игілігіне берілді. Ауылдың мәдениетін көтеру мақсатында осы жылдар аралығында орасан зор жұмыс атқарылды. 2020 жылы «Ауылым – алтын бесігім!» атты онкүндік аясында хор үйірмесі ашылды. Домбыра, ән (вокал), «Ақ отау» әжелер, «Шебердің қолы ортақ» қолөнер, би үйірмелері халық игілігіне қызмет атқарып келеді. Тұрғындардың көңілдерін көтеру мақсатында түрлі қызықты іс-шаралар ұйымдастырылған.

Мәдениет үйін Никитина Нина Сергеевна басқарған тұста әжелер ансамбілі ұйымдастырылды. Аудандық және облыстық, республикалық деңгейде өнерпаздарды дайындауда көптеген игі істер атқарылды. Облыстық «Арай» фестиваліне (2007 жылдан бастап) үздіксіз өнерпаздарды қатыстырып, жүлделі орындарды қанжығаларына байлап келеді. Төребеков Нұрлыхан, Есіркеп Нұрдәулет, Боташ Анар, Ташқара Аяулым және Ташқара Арнұр, Жұманәлі Толғанай, Серімбетова Жансая және Жанерке, Серімбетова Шаттық, т.б көп-теген өнерпаздар ауыл мәдениетін көтеруге зор үлес қосып жүр.

«Ақ отау» асыл әжелер үйірмесінің жанынан 2000 жылдан бастап Пернеев Әбілқасым және Әбдімажитова Фарида апайымыздың жетекшілігімен «Асыл әжелер» тобы құрылып, жұрттың көзайымына айналды. 2017 жылы әжелер тобына ауылдың белсенді өнерпаздары қосылып, «Ақ отау» асыл әжелер үйірмесі болып қайта құрылды. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен өнерін дәріптеп жүрген ақ жаулықты әжелердің репертуарында 20-дан аса халық әні және 15-ке жуық көрініс, ұлағатты әңгімелер, шежірелері бар. Олар 2001 жылы «Хабар» телеарнасының ұйымдастыруымен өткен «Әлем әжелер көзімен» атты бағдарламаға қатысып, жоғары дәрежеде өнер көрсеткен. 2020 жылы «Ақ отау» асыл әжелер үйірмесінің 20 жылдық қорытынды концерті болып өтті. Қазіргі таңда 20 жылдық тарихы бар асыл әжелеріміздің аулымыздың мәдениетінің өркендеуіне қосқан үлесі өте зор. Сейдуалиева Фатима апайымыздың кітабы жарыққа шыққан, ол суырып салма ақын,емші болған. (2021 жылы ол өмірден озды).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *