САЙРАМ: Қарияларымыз — халықтың тұнып тұрған хаты

Қарияларымыз — халықтың тұнып тұрған хаты. «Қарты бар елдің қазынасы бар» деген аталы сөз осыдан қалса керек-ті.

Ал үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз.

1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ БасАссамблеясы 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын. Асылында, бұл дата – әлемдік дәстүрді ресми хаттаған күн.

Осыған орай, «Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақ-тайық» партиялық жобасы аясында Қарттар күні атап өтілді. Іс-шараға облыстық мәслихаттың депутаты, фракция мү-шесі Динара Егамбердиева демеушілік жасап, дастархан жайды. Сондай-ақ шараға аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмас Әбдіқадыров пен аудандық мәслихаттың хатшысы Шамхат Халмұрадов қатысып, данагөй қарияларымызды құттықтап, мерекелік сый-сияпат табыстады.

Бүгінгі таңда ауданда зейнет жасындағы 17 200-ден астам тұрғын бар. Оның 2-еуі ғасырмен құрдас, ал 126-сы – 90, 1785-і 80 жас-тан асқан. Сонымен қатар 2 Ұлы Отан соғысының ардагері, 2 соғыс мүгедегі, оларға теңестірілген 414 адам, яғни Ауған соғысының, Чернобыль апатын жоюға қатысқан және тыл ардагерлері арамызда жүр.

Осы санаттағы азаматтарға жергілікті бюджет есебінен және демеушілер тарапынан тұрақты түрде әлеуметтік көмек көрсетіліп келеді. 2021 жылдың 8 айында облыстық ардагерлер және «Мейір» ардагерлер үйінде жекеленген санаттағы 224 азамат сауықтырылды. Аудандық әлеуметтік қызмет көрсету мекемесінде 11 ауылдық округ бойынша 142 жалғызілікті қартқа үйде әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Аға буын азаматтардың жағдайын жақсартуға бағытталған 2021-2025 жылдарға арналған «Белсенді ұзақ өмір» атты іс-шара барысында бөлімшелердегі 23 тыл еңбеккерінің үйлерін жинап, аулаларын тазалап, күл-қоқыстарын жинап, ретке келтірілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *