САЙРАМ: Ауыл шаруашылығы – аудан экономикасының маңызды салаларының бірі

Ауыл шаруашылығы – аудан экономикасының маңызды салаларының бірі. Салада биыл 8 айда 39 млрд. 400 млн. теңгенің жалпы өнімі өндіріліп, (2020 жылы 57 млрд. 160,4 млн. теңге), 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8 айда нақты индекс көлемі 100,1 пайызды құрады. Оның ішінде, мал шаруашылығы саласы бойынша нақты көлем индексі 106,6 %.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі ағымдағы жылдың 8 айында 2 млрд. 500 млн. теңге (жоспар — 6000,0 млн. теңге) (өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 115% артық орындалды).

Тамақ өнеркәсібіне тартылған инвестиция көлемі 297,9 млн теңге(жоспар – 1300,0 млн. теңге) (өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108% артық орындалды).

2021 жылы ауданда 51000 гектар жерге, оның ішінде 13426 га суармалы жерлерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланған. Оның ішінде дәнді және бұршақты дақылдар – 21800, майлы дақылдар – 7350, көпжылдық мал азықтық дақылдар – 13950, жоңышқа — 2510, картоп – 3000, көкөніс — 4800 гектарға өсірілді.

Бүгінде 51000 гектар егістік егіліп, жоспар 100% орындалды.

Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, аудан көлемінде 2021 жылы бір алқаптан 2 өнім алу жобасы аясында бірінші айналымда 267 шаруашылық жалпы көлемі 274,94 гектар жерге егістік егіп, 5316,3 тонна өнім алды. Екінші айналымда жалпы көлемі 260,14 гектарға егістік егілді.

Бүгінге дейін 68200 тонна картоп жиналды. Көкөніс бойынша 136 720 тонна өнім жиналып, тапсырма 86,5% орындалды.

Дала жұмыстарын жүргізу үшін 22000 гектар жер жырту жоспарланса, оның 10300 гектары жыртылып, өңделді.

Қазір ауданда күзгі бидай тұқымын себу бойынша жұмыс атқарылып жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *