
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында бесінші мәселе ретінде білім беру саласына тоқталып өтті. Әлем елдеріндегі пандемиялық жағдайларды ескере, еліміздегі карантиндік жағдайды қатаң сақтай отырып, білім беру саласының қашықтан ұйымдастырылып отырғанын, сондай-ақ оның әдеттегі дәстүрлі сабаққа жетпейтініне тоқталды. Дәстүрлі жүйе бойынша білім алуға барша жағдай жасауды тапсырып отыр. Әрбір оқушы мен ұстаздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолын ескере отырып, дәстүрлі жүйеде білім беруге дайындық жұмыстарын жүргізуді де атап айтты. Қашықтан білім беру жүйесінде де барынша дамытылған онлайн білім беру платформасының дайындалу керек екенін тілге тиек етті. Басты назарды жасөспірімдердің спорт пен шығармашылық тұрғыда білім алуына жағдай жасауға бұруды тапсырды. Әрбір жас бүлдіршінге мектепке дейінгі оқу-тәрбие берілуі керектігін, балабақшалар мен мектепке дейінгі білім беру орындарын көбейту үшін жұмыс істеуді, білімді ұрпақтың ел болашағы екенін еске салды. Сонымен қатар Президентіміз жылдағы Жолдауында айтатын тағы бір мәселе ұстаздардың еңбекақысы жайлы болды. Алдағы қаңтар айында ел ұстаздарының еңбекақысын 25 пайызға өсіруді тапсырды.
«Ауыл — ел бесігі» бағ-дарламасы жалғасатыны, ай-мақтардың дамуына еркіндік беру, халықтың ұсыныстарын қабылдау, ұрпақ тәрбиесінде білім сапасы мен ғылымға бет бұру өте бір жаңа бағыттар болды.
Қ.Тоқаев мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту жайына кеңінен тоқтала келіп, баға тұрақсыздығына сынады. Жергілікті билік қызметінің тиімділігін тікелей бағалау бастамасын көтерді. Ауыл әкімдерін сайлау арқылы анықтайтын кездің де келіп жеткенін айтты. Біз осы Жолдау міндеттері орындалып, қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау, инфрақұрылымды дамыту, баспана мәселесін шешу сынды тегеурінді басымдықтар жүзеге асқан жағдайда елдің тұрмысы түзеліп, жағдайымыздың жақсаратынына сенеміз.