
Түркістан облысында «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасындағы уәделер шетінен орындалып жатыр. Әрбір аудан, қалада жол картасына сәйкес, жұмыстар жүйеленген. Сайрам ауданында да жұмыс қарқыны тәуір.
Жол картасын жүзеге асыру мақсатында Сайрам ауданы, Манкент ауылдық округінің О.Құрбанов көшесінің 1,7 шақырым ішкі көшесіне аудан бюджеті есебінен орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жол жөндеу жұмыстарын мердігер компания «Темиртас» ЖШС атқарып жатыр.
Иә, бұл кішкентай ғана жұмыс. Дегенмен бағдарламаға енгізілген әрбір шағын жоспарларда тұрғындардың ұсыныстары мен тілектері бар екенін ескерсек, осындай жұмыстар арқылы өңірдің дамуы жақсара түспек. Бір мысал ретінде ғана көрсетіп отырмын.